Саяси жаңғыру мен Президент бастамашы болған реформалар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл қағидаттарын өзгертуде. Азаматтардың шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі кеңейіп, өкілеттіктер мен жауапкершілік қайта бөлінуде. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының Институционалдық талдау және реформалар орталығының директоры Риззат Тасым мәлімдеді. Республика күні қарсаңында сарапшылар елдегі өзгерістер мен реформалардың нәтижелеріне тоқталды. Жаңа Конституция мемлекеттік институттардың жұмыс қағидаттарын айқындап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болды. Сондай-ақ, қоғамның мемклеттік басқаруға қатысу тетіктерін кеңейтті. Реформалардың маңызды бағыттарының бірі – қоғамдық диалогты дамыту. Халық Кеңесіне конституциялық мәртебе беріліп, заң шығару бастамасы құқығы бекітілді. Бұдан бөлек, табысты іске қосылған «Е-өтініш» жүйесі азаматтарға өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік берді.
Риззат Тасым, Қазақстандық қоғамдық даму инстиуты Институционалдық талдау және реформалар орталығының директоры:
- Бірікен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметті дамыту жөніндегі рейтингісінде Қазақстан әлемдегі үздік 25 елдің қатарына енді. Ал онлайн қызметтер бойынша алғашқы ондыққа кірді. Бұл онлайн – петициялар мен азаматтардың тікелей өтінштеріне арналған «Е-Өтініш» тетігінің дамуына ықпал етті. Мұндай тікелей байланыс орнату құралдары мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы диалогты дамытуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, азаматтардың мемлекеттік деңгейдегі шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысуын жеңілдететін инновациялық тетіктер белсенді енгізіліп жатыр.
Бұл өзгерістер Қазақстанның халықаралық аренадағы беделіне әсер етуде. Ел цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде үздік 40 мемлекеттің қатарына енді. Сарапшының пікірінше, мемлекеттік басқару тетіктерінің айқын болуы саяси жүйенің болжамдылығын арттырып, халықаралық серіктестердің сенімін нығайтады. Реформалар экономикалық көреткіштерге де оң әсерін тигізіп отыр.
Риззат Тасым, Қазақстандық қоғамдық даму инстиуты Институционалдық талдау және реформалар орталығының директоры:
- Өткен жылы Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі тарихи рекордтқа жетіп, 300 миллиард АҚШ долларынан асты. Оның ішінде шамамен 160 мллиард доллары – тікелей шетелдік инвестиция. Соңғы екі жылда бұл көрсеткіш екі есе артқан. Сонымен қатар, халықаралық агенттіктер Қазақстанның қаржылық тұрақытылық рейтингі көрсеткішін жоғарылатты. Менің ойымша, саяси рефмормалардың өзара үйлесімі тиісті нәтижесін беріп отыр.

