Сарапшы: Құрылтайдағы саяси партиялардың рөлі артады

Сарапшы: Құрылтайдағы саяси партиялардың рөлі артады

Еліміздің жоғары өкілетті органы - Құрылтайға конституциялық реформаны практикалық мазмұнмен толықтыру міндеті тұр. Саяси ғылымдар докторы, Нархоз университетінің профессоры Андрей Казанцевтің айтуынша, реформа партияларға қойылатын талап деңгейін еселейді. Бұдан былай, олар тек парламенттік жұмысқа ғана емес, өзінің жеке күн тәртібіне де басымдық беруі тиіс. Демек - елдің экономикасындағы, саясатындағы, әлеуметтік өміріндегі нақты жобалар ұсынылады. Бір палаталы парламентте саяси бәсекелестік те, партиялардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі де артады. Осылайша, Құрылтай неғұрлым тиімді жұмыс істесе, мемлекет те соғұрлым жедел өзгерістерге бейім болып, заңнаманы жылдам жетілдіре алады.

Андрей Казанцев, саяси ғылымдар докторы, Нархоз университетінің профессоры:

- Қазір партиялардың алдында саяси жүйенің өзегіне айналу міндеті тұр. Олар жаңа саяси ахуалға лайықты жаңғыруы тиіс. Ел өмірін жақсарту, экономикалық реформалар жүргізу ісінде белсенді болуы қажет. Түрлі саяси өзгерістер, тиімді көп векторлы сыртқы саясатты одан әрі жалғастыру және тағы да басқа жобалармен партиялардың өздері тікелей айналысуы керек. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?