Құрылтай сайлауы: Астанада сайлау учаскелерінің дайындығы тексерілуде

Құрылтай сайлауы: Астанада сайлау учаскелерінің дайындығы тексерілуде

Астанада Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық аясында сайлау учаскелерінің әзірлігі тексерілуде. Дауыс беру үрдісінің барлық азаматтар, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді әрі қолайлы болуына ерекше назар аударылған. Қазір орталық және аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері қоғамдық ұйымдармен бірлесіп мониторинг жүргізіп жатыр. Олар учаскелердің техникалық дайындығын ғана емес, сонымен қатар кедергісіз орта талаптарына сәйкестігін де бағалайды. Әсіресе пандустардың, тұтқалардың, тактильді бағыттау белгілерінің, арнайы дауыс беру кабиналарының, көру және есту қабілеті бұзылған азаматтардың өз бетінше дауыс беруіне мүмкіндік беретін өзге де техникалық құралдардың болуына ерекше мән беріледі. Жұмыс тобы өкілдерінің айтуынша, мұндай тексерулер сайлау күніне дейін кемшіліктерді алдын ала анықтап, оларды жоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде әрбір сайлаушы өзінің конституциялық құқығын еш кедергісіз жүзеге асыра алады.


Елена Швецова, «Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының атқарушы директоры:


- Нұсқаулық бойынша әрбір сайлау учаскесінде құлаққаптары бар компьютер болуы шарт. Әр компьютерде Орталық сайлау комиссиясы әзірлеген бағдарлама орнатылуы тиіс, мысалы, Брайль қарпін оқи алмайтын адам, құлаққап киіп, қандай кезекте тұрғаны, қандай партия қай жолақта жазылғаны туралы ақпарат алып, дауыс береді. Ең бастысы, кіреберістегі батырманың жұмыс істеуі. Біз, мысалы, қазір батырмалардың жұмыс істеп тұрғанын көрдік, қандай да бір көмек қажет болса, осы батырманы басқанда күзетші есік алдына шығып көмектеседі.

Айта кетейік, елордада барлығы 438 сайлау учаскесі бар, оларда миллионнан астам сайлаушы тіркелген, соның ішінде 7 мыңға жуық ерекше қажеттіліктері бар адам дауыс береуге құқылы.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?