Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының алдын ала
қорытындыларын ұсынды. Оның мәліметінше, дауыс беруге 12 миллион 623 мың
сайлаушының 9 миллион 351 мыңы қатысты. Алдын ала есеп бойынша, сайлауға келу
көрсеткіші 74,08%-ды құрады. Ең көп қолдауға «Әділет» партиясы ие болды, оған
сайлаушылардың 71,17% дауыс берді. «Ауыл» -6,26%, «Respublica» - 5,56%, «Ақ
жол» - 5,21%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 5,11% дауыс жиды. Орталық
сайлау комиссиясы мәліметі бойынша, Қазақстан халық партиясы, 3,11%, «Байтақ» -
1,07% дауыс алды. Сайлаушылардың тағы 2,51% «бәріне қарсы» нұсқасын таңдаған. Орталық
сайлау комиссиясы саяси науқанның қорытынды нәтижесі белгіленген тәртіппен
анықталады, деп хабарлады.

