Орталық Азия мен Малайзия білім беру саласындағы әріптестік аясын кеңейтуде

Орталық Азия мен Малайзия білім беру саласындағы әріптестік аясын кеңейтуде

Малайзияның жоғары оқу орындары Қазақстанда филиалдарын ашуды көздеп отыр. Бұл туралы Астанада «Малайзия – Орталық Азия – 2026» халықаралық форумында айтылды. Жиынға Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстанның жоғары білім саласының өкілдері де қатысты. Оның мақсаты - Оңтүстік Шығыс Азия елі мен өңір мемлекеттері арасындағы  академиялық байланысты нығайтуға арналған ортақ алаң қалыптастыру. Бұл ретте  маңызды бағыттардың бірі – студентке академиялық ұтқырлық көмегімен қос біліктілік алуға мүмкіндік беретін  бағдарламаларды дамыту. Бұдан бөлек, малайзиялық тарап Орталық Азия елдерімен  бірлескен ғылыми зерттеу нысандарын құруға мүдделілік танытты. Аталған бағыттағы жұмыс жасанды интеллект, цифрлық экономика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және басқа да өзекті салаларды қамтуы мүмкін. Айта кетейік қазіргі таңда Қазақстан мен Малайзияның  жоғары оқу орындары арасында 80 астам ынтымақтастық туралы келісім жасалған.


Нови Тажуддин, «Education Malaysia Global Services» компаниясының бас атқарушы директоры:


- Қазіргі уақытта Малайзияда Қазақстаннан 1400 студент білім алуда. Бүгінде Малайзия жоғары білім беру саласында әлемнің жетекші 14 елінің бірі болып танылды. Біздің ел мен қазақстандық университеттер арасында ынтымақтастықтың бірнеше бағыттары жолға қойылған. Бұдан бөлек, екі күн бұрын біз Қазақстанның жоғары білім және ғылым министрімен кездесу өткіздік. Осылайша, Малайзия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық одан әрі тереңдей түседі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?