Үкіметтік комиссия Ақтаудағы қайғылы оқиғаны тергеуді жалғастыруда

Үкіметтік комиссия Ақтаудағы қайғылы оқиғаны тергеуді жалғастыруда

Ақтаудағы қайғылы оқиғаны тергеудің алғашқы нәтижелері үкіметтік комиссия отырысында талқыланды. Кінәлілер заң бойынша жазаланады. Бұл туралы Премьер-Министрдің оныбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Ол сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты. Естеріңізге сала кетсек, қылмыстық істер екі бап бойынша қозғалған - Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау және Кеме жүргізу қағидаларын бұзу. Комиссия жұмысын жалғастырады және тергеу барысын қадағалайды. Оның міндеті – қайғылы оқиғаның барлық жағдайларын анықтау.


Ербол Ізбергенов, Үкіметтік комиссияның өкілі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:


- Арнайы топ болған оқиғаны тергеп, оның барлық мән-жайы мен себептерін анықтайды. Тергеу болған оқиғаға байланысты барлық сұрақтарға толық жауап береді. Әрбір факт мұқият тексеріледі, ал барлық қатысы бар адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Жауапкершілігі тергеу мен сот арқылы дәлелденген кінәлілер заңға сәйкес жазаға тартылады. Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?