Қазақстанда жақын уақытта дәнді дақылдар жинау аяқталады. Бүгінде ауыл шаруашылығы министрлігінің берген мәліметінше, 17 млн-нан аса гектар жерде жиын-терім аяқталды. Барлық тұқым егілген жердің аумағы 24 млн гектарға жуықтаған. Былтырмен салыстырғанда бұл 652 мың гектарға көп. Облыс әкімдіктерінің ақпараты бойынша 11,5 млн тонна астық өңделді. Сонымен қатар шаруалар 2 млн гектардан астам майлы дақыл жинады. Оның ішінде, күнбағыс – 943 мың тонна орылды. Картоп қорын да шаруалар толыққанды алып үлгерді. Айта кетер жайт, Қазақстанның өзге елдерге астық экспорты 8 ай ішінде 1 млрд 360 млн долларға жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 23% көп. Бұндай нәтиже 2011 жылдан бері тіркелмеген. #жиын-терім #шаруа #экономика #дәнді дақыл 1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба? Иә Жоқ Күнделікті қолданамын Спасибо за участие! Сондай-ақ Даму банкінің жобалары: шикізаттық емес секторды қолдау Қазақстанда бизнесті мемлекеттік бақылаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылады ЕАЭО халықаралық ынтымақтастықты дамытуда Экспорт үшін тиімді тауарларды айқындау құралы әзірленді 2022 жылға арналған жаңа индустрияландыру картасына 91 жоба енгізілді Жыл басынан Қазақстан экономикасы 3,3 % өсті