Кұрылтай сайлауы алдында жеті партияның көшбасшылары сөз сөйледі

Кұрылтай сайлауы алдында жеті партияның көшбасшылары сөз сөйледі

Қазақстанда Құрылтайға алғашқы сайлау қарсаңында партиялардың қорытынды теледебаты өтті. 7 саяси бірлестіктің - Respublicа, Baytaq, «Ақ жол», «Әділет», «Ауыл» партиялары, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстан халық партиясының төрағалары - отандық телеарналардың бірінде өз ұстанымдарын ортаға салды. Талқылаудың басты тақырыбы – экономикалық өсім азаматтардың әл-ауқатына қалай әсер етуі тиіс, - деген мәселе аясында өрбіді. Айта кетейік, бұған дейін саяси бірлестіктер сайлауалды пікірталасқа 3 рет қатысқан болатын. Jibek Joly арнасында олар бірегей - командалық форматта сынға түскен болатын. Бұл жолы талқылау 4 раундта өтті. Қарсыластардың өзара сұрақ алмасуы пікірсайысқа серпін берді. Оның үстіне саясаткерлерге сайлаушылардың өздері де сұрақ қойды. Пікірсайыс партия көшбасшыларының үндеулерімен аяқталды. Саясаттанушы Арман Тоқтышақовтың айтуынша, мұндай бетпе бет кездесу азаматтарға партиялардың сайлауалды бағдарламаларын түсінуге көмектеседі. Ашық пікірталас саяси күштердің ұстанымдарын салыстыруға және саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді.


Арман Тоқтышақов, саясаттанушы:

- Теледебат арқылы, көзбе-көз пікірсайыс арқылы партиялар өздерінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тезистерін неғұрлым нақты жеткізе алады. Мысалы, спикерлерге сауал қойылып, өзара немесе журналистерден сұрақ жолданса, сол арқылы сайлау алдындағы уәделердің қалай іске асырылатыны туралы тетіктер ашыла түседі. Екіншіден, бұл жария спикерлер үшін өздерін ашық саясаткер ретінде көрсетуге тамаша мүмкіндік. Яғни ашық пікірталас арқылы, өз бейнесін танытады. Тағы бір жайт, бұл тәсіл арқылы олар өздерінің идеологиялық ұстанымдарын айғақтайды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?