Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан 10 медаль жеңіп алды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан 10 медаль жеңіп алды

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алды. Кезекті жарыс күнінде ұлттық құрама қанжығасы 4 бірдей алтын, 1 күміс және 5 қола жүлдемен майланды. Осылайша тек аударыспақ тартыстарында екі бас жүлде еншіленді. Әуелі 63 келі салмақ дәрежесінде Нұрталап Керім, артынша 70 келіде Сайлау Мұхамеджан ақтық сында қарсылас шақ келтірмей, алтын медальді олжалады. Қазақстанға үшінші алтынды қырғыз стилі бойынша жамбы атудан чемпион атанған Абзал Тұлыбеков әперді. Командалық арқан тартуда Ұлттық құрама жоғары марапатқа ие болды. Аударыспақта Расул Құрайыш күміс медаль жеңіп алды. Қазақстандықтар алыш күресінде үш қоланы еншіледі. Тағы біреуін мас-рестлингтен ұтса, бесінші қоланы көшпенділер ойындарында алғаш пайда болған сайыс омыртқа сындырудан жеңіп алды. Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қырғызстанда өтуде. Жарыста Қазақстан намысын 150-ден астам атлет қорғайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?