«Бәйтерек» холдингі 26 жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асырады

«Бәйтерек» холдингі 26 жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асырады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады. Мемлекет басшысына тапсырмалардың орындалу барысы және холдингті дамытудың негізгі бағыттары баяндалды. Осылайша, инвестициялық және кредиттік портфель 14,3 трлн теңгеге жетіп, 16,5 трлн теңгеге дейін артады деп болжанып отыр. Бұл ретте жыл сайынғы таза пайда көлемі 400 млрд теңгеден асады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 77 ірі жоба мен шағын және орта бизнеске арналған 27 мыңнан астам жоба қаржыландырылып, экспортқа тауар шығаратын 131 кәсіпкерге және 7 мыңға тарта агроқұрылымға қолдау көрсетілді. Президентке  холдингтің жаңа ұзақмерзімді даму стратегиясы жайында және импортты алмастыруға, экспорт пен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 26 жобаны енгізу жоспарланып отырғаны туралы да айтылды. Мемлекет басшысы ұзақмерзімді инвестиция тарту маңызды екенін атап өтіп, шағын және орта бизнесті қолдау тетігін күшейту жөнінде міндет жүктеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?