Азия даму банкі Қазақстанға 230 млрд теңгеге жуық қаражат бөледі

Азия даму банкі Қазақстанға 230 млрд теңгеге жуық  қаражат бөледі

Қазақстан Азия даму банкінен шамамен 230 млрд теңгеге жуық көлемде несие алады. Құрылтай осыған мүмкіндік беретін тиісті келісімді ратификациялады. Қаражат көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіп пен білім беру саласын дамытуға бағытталмақ.  Құжатқа биыл қыркүйек айында қол қойылған. Келісімге сәйкес, Азия даму банкі Қазақстанға 3,4 млрд қытай юанін 15 жыл мерзімге береді. Оның ішінде үш жыл жеңілдік кезеңі қарастырылған. Қаржы министрі Мәди Тәкиев бұл қаражат елімізде маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыруға және экономиканың тұрақты өсімін қолдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мәди Такиев, ҚР Қаржы министрі:

- Қазақстанға тиісті қаражаттың берілуі – халықаралық деңгейде біздің елімізге деген жоғары сенімді білдіреді. Сонымен қатар, Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасына белгіленген борыштық интекаторлардың нақты деңгейлері рұқсат етілген мәндер шегінде екендігін атап өткен жөн.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?