Қазақстанның Вице-президенті ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын атады

Қазақстанның Вице-президенті ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын атады

Вице-президент әлеуметтік желідегі парақшасында ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын атады. Ерлан Қарин Мемлекет басшысы реформаларының стратегиялық бағытын конституциялық құндылықтар құрайтынын атап өтті. Заң және Тәртіптің үстемдігі, жалпыұлттық бірлік, мәдениет және білім, қоршаған ортаға қамқорлық туралы сөз қозғалды. Азаматтарға Негізгі заңның құндылықтарын белсенді насихаттап, оларды ілгерілету маңызды. Екінші бағыт – жаңа қоғамдық этика. Ол мінез-құлық үлгілерін орнықтыруды, жасампаз көзқарас қалыптастыруды қамтиды. Бұл жерде «Заң және Тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Адал азамат» қағидаттары бағдар қызметін атқарады. Ол үшін жұмыстың жаңа форматтары қажет. Мәселен, «Таза Қазақстан» президенттік бастамасын масштабтау бірыңғай цифрлық платформа құру арқылы жүргізіледі, сондай-ақ тазалық ұлттық стандарты мен өңірлердің рейтингін енгізу ұсынылады. Үшінші басымдық - адами капиталды дамыту. Оның басты міндеті - білім, ғылым, инновация және технология арқылы өсуге жағдай жасау. Оның ішінде «Қазақстан балалары», «Оқитын ұлт» және «Digital Qazaqstan» жобалары бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?