Енді қалалардағы мұғалімдер шалғайдағы ауыл мектептерінің оқушыларына да қашықтан сабақ бере алады. Қазақстанда жасанды интеллект технологиялары қолданылатын жоба іске қосылды. Қазір тың бастама 10 шағын жинақты мектепті қамтып отыр. Сабақтар онлайн форматта өтеді. Алдағы екі жылда бағдарламаны мың мектепке дейін кеңейту жоспарланған. Осылайша, ауылда тұратын балалар тұрғылықты жеріне қарамастан, қосымша білім алу мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Алмасбек Қалдыбек, Қызылорда облысы №84 мектебінің Информатика және цифрлық сауаттылық пәнінің мұғалімі:
– Бір тиімділігі ішінде жасалған алдын-ала жоспар, оқушыға арналған дидактикалық материалдар барлығыда жасанды интеллект тарапынан арнайы тексеруден өткізеді. Әр баланың осы сабақтағы игерген білімін, оның қорытындысын нақты дәлелмен көрсету және ай, тоқсан, жыл бойынша дәл дәрежесін көрсетіп бере алады. Бұл дегеніміз нені білдіреді? Қай оқушыға қай тараптан біз көмек көрсетуіміз керек. Осы жұмыстарға жұмылдыратын көп көмегі бар бағдарлама деп ойлаймын. Өте пайдалануға қолайлы.
Әзірге бағдарлама төртінші сынып оқушыларына арналған. Бұл ретте жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды. Керісінше, ол педагогке сабақ барысында тақырыпты кім жақсы меңгерді, кім көп қателеседі және кімге қосымша түсіндіру қажет дегендей тұстарда көмектеседі. Яғни, бұл жүйе оқушылардың жауаптарын терң талдап, мұғалімге қай оқушыға көбірек көңіл бөлу керектігін анықтауға мүмкіндік береді.
Анель Таласпай, Павлодар облысы Тілектес ауылы мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:
– Дүйсенбі, бейсенбі және сәрсенбі күндері бізде онлайн сабақтар өткізіледі. Оқушылар қос мұғалім сабақты өткізген кезде офлайн мұғалімнің іс әрекеті, яғни болып жатқан сабақты оқушылардың меңгеруін қадағалап отырады. Сонымен қатар сабақ барысында оқушының тәртіп сақтау, тапсырманы уақтылы орындау, ал онлайн мұғалім сабақтың басын жүргізіп, кейін қорытындыға байланысты крейкерлермен тапсырмаларды өткізеді. Соңында альфа платформаға сәйкес, біз ЖИ арқылы жасалған әрбір мектепке байланысты қорытынды шығады.

