Қазақ ұлттық спорт унверситеті Халықаралық Олимпиада комитетінің зерттеу орталықтарының жаһандық желісіне қосылды. Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында алғаш болып Olympic Studiies and Centre халықаралық жүйесіне енді. Ол үшін университет халықаралық талаптарға сай болуы қажет. Сарапшылар оқу орнының инфрақұрлымын, білім беру бағдарламаларын және ғылыми зерттеу жұмыстрын бағалаған. Айта кетейік, университет базасында олимпиадалық зерттеулер, білім беру және мұра орталығы жұмыс істейді. Мұнда олимпиада қозғалысының тарихы мен құндылықтары зерттеліп, ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылады. Халықаралық жүйеге қосылу университетке шетелдік талдау орталықтарымен бірлесе жұмыс жүргізуге, ғылыми зерттеулер мен білім беру тәжірбилерімен алмасуға жол ашады.
Тұрсынзада Куанғалиева, Қазақ ұлттық спорт унверситетінің ректоры:
- Біздің миссиямыз - Қазақстан спорттгыңың болашағын
қалыптастыратын жаңа буын мамандарды даярлау. Біздің ерекшелігіміз - кешенді
тәсіл. Яғни, спорт, білім, ғылым, спорттық медицина мен оңалтуды, менджментті,
цифрлық технологияларды, жасанды интеллектті бір ортада біріктіріп жатырмыз.
Ендігі міндетіміз, әрине, осы халықаралық мәртебені нақты нәтижелермен
толықтыру, зерттеулер жүргіземіз, білім беру бағдарламаларын дамытамыз,
халықаралық әріптестікті күшейтеміз.

