Жасанды интеллект Қазақстанның барлық жоғары оқу
орындарында білім берудің міндетті бөлігіне айналды. Осы мақсатта мемлекеттік
білім беру стандарттарына өзгерістер енгізілді, олар екі апта бұрын күшіне
енді. Енді отандық студенттерге тек AI-сервистерді пайдалануды ғана емес,
олардың жұмыс істеу қағидаттарын, сондай-ақ академиялық адалдықты сақтау мен
дербес деректерді қорғауды да үйрететін болады. Болашақ мамандықтарында:
журналистика мен құқықтанудан бастап, инженерия мен ауыл шаруашылығына дейін жаңа
технологияларды іс жүзінде қолдануға ерекше назар аударылады. Бейінді
министрлік атап өткендей, университеттерде Coursera халықаралық платформасы мен
AI-Sana ұлттық сервисіндегі курстар іске қосылған. Сонымен қатар, ұстаздар да жаңа
технологияларды игеруде. Бұл үшін жоғары оқу орындарында ChatGPT Edu
енгізілуде. Педагогтар арнайы оқудан өтіп қана қоймай, білім беру үдерісіне
қажетті өз АІ-көмекшілерін де жасақтайды.
Анаргүл Құрманбаева, Жоғары білім беру мазмұны
басқармасының басшысы:
– Жалпы қазіргі уақытта жасанды интеллектің нақты бір сервиспен үйретуге болмайды. Өйткені, күнделіткі жаңа сервистер көптеп жасалып жатыр. Күнделікті бір жақсы жаңадан жаңа сервистер пайда болып жатыр. Сондықтан, біз студенттерді теқ қана бір сервиске емес керісінше оларды сол жасанды интелекктің агенттері дейміз ғой соны қалай ол жасалады, қандай ол нейрондық желілерге сәйкес жасалады. Құрамына қандай ақпараттар кіред, яғни, студенттерге біз соны үйретіміз керек. Яғни, ол тек қана бір сервиске байланысты емес әртүрлі өз саласына қажетті жасанды интеллект қолдана алатындай қылып, үйретуіміз керек.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше,
жоғары оқу орындарында жасанды интеллект қолданылатын ондаған студенттік
жобалар жасалған. Олардың арасында ымдау тілінен аудармашы, ауыл шаруашылығына
арналған шешімдер және экономиканың түрлі салаларына арналған әзірлемелер бар.
Басты мақсат - түлектердің АІ-шешімдерді жетік игеріп, заманауи экономика
талаптарына дайын болуы.

