Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай
депутаттарының сайлауына тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Осылайша,
шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің жалпы саны 96-ға жетті.
Бұдан бөлек, шетелде дауыс беру үшін 65 елде 82 учаскелік комиссия құрылды.
Олар еліміздің елшіліктері мен консулдықтарында жұмыс істейтін болады. Орталық Сайлау
Комиссиясы дауыс беру ережелері туралы еске салды. Бюллетенді толтырғаннан
кейін суретке, бейнежазбаға түсіруге немесе оны жариялауға болмайды. Бұл сайлау
құпиясын сақтау және азаматтардың өз таңдауын еркін жасауы үшін қажет. Сонымен
қатар, сайлау комиссиясы БАҚ өкілдері үшін онлайн-семинар өткізді.
Журналистерге сайлау науқанының кезеңдері, сайлауды жариялау және үгіт жүргізу
ережелері туралы айтылды. Орталық сайлау комиссиясы мұндай іс-шаралар сайлау
процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және азаматтарды объективті
ақпараттандыруға көмектесетінін атап өтті.

