Қазақстан ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне жаңа ұсыныстар дайындауда

Қазақстан ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне  жаңа ұсыныстар дайындауда

Қазақтың киіз басу, кесте тігу, сондай-ақ салбұрын – тазы және қыран құспен саятшылық өнерлері ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енуі мүмкін. Айта кетейік, тек соңғы 10 жылда осы халықаралық тізімге Қазақстанның 14 ұлттық құндылығы енген. Биыл да бұл бағытта елімізде ауқымды түгендеу жүргізіледі. Ғалымдар мәдени элементтер мен олардың мұрагерлері туралы мәлімет жинайды. Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан материалдық емес мәдени мұраны сақтау бойынша оқыту семинары барысында айтылды. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан және Тайланд Корольдігінен ЮНЕСКО-ның халықаралық фасилитаторлары қатысуда. Мамандар мәдени ынтымақтастық аясындағы төл бастамаларын таныстырып, саланы жетілдіруге қатысты тәжірибелерімен бөлісуде.

Сания Баженеева, ЮНЕСКО-ның халықаралық фасилитаторы /Қазақстан/:

– ЮНЕСКО-ның 2003 жылғы конвенциясы аясындағы репрезентативті тізімге ұсынылатын номинациялар бойынша жұмыс істейміз. Бұл номинациялар не үшін қажет, репрезентативті тізімнің номинациялар бойынша жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар мысалы әрбір қауымдастық немесе мемлекет осындай элеметтерді тізімге кірген кезде оның жақсы жақтары қандай және де эксперттер және де белгілі бір осы білімнің игерлері олар қандай жұмыс жасайды және де олардың білімдері қалай дамиды сынды сұрақтар қозғалады.

Линина Пхуттитарн, ЮНЕСКО-ның халықаралық фасилитаторы /Тайланд Корольдігі/:

- Бұл семинар Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау бағытындағы жұмысты жалғастыру үшін маңызды. Семинар номинациялық файлдарды әзірлеуге бағытталған. Негізгі мақсат- ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізуге ұсынылатын номинациялық құжаттарды дұрыс әзірлеу. Яғни, елдегі  мұраны сақтау шаралары мен дәстүрлі мәдени тәжірибелер туралы толық ақпарат жинап, оны біртұтас құжатқа жүйелеу.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?