Қазақстан транзиттік тасымалды 100 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлауда

Қазақстан транзиттік тасымалды 100 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлауда

Қазақстан 2035 жылы транзиттік тасымал көлемін жылына 100 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Осы аралықта теңіз порттарының өткізу қабілетін 4 есе, флот қуатын 5 есе арттыру межеленген. Бұл туралы елдің Көлік вице-министрі мәлімдеді. Оның дерегінше, былтыр Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 18%-ке ұлғайған. Жалпы үстіміздегі жыл басынан көлік саласының өсімі 7%-дан асты. Кейінгі 7 жылда 36 мың шақырымнан астам автомобиль жолы, 5 мың шақырымнан астам теміржол жаңғыртылды. Басымдықтардың қатарында «жасыл дәліздерді» және «бір терезе» қағидатын енгізу бар. Осы мақсатта Smart Cargo платформасы әзірленіп, тасымал құжаттарын цифрландыру жолға қойылды. 

Дамир Қожахметов, ҚР Көлік вице-министрі:

 - Қазіргі уақытта Логистика мониторингі орталығын құрып жатырмыз. Smart Cargo платформасы бізге шекаралық аймақтар арқылы өтуді жеңілдетеді, осы мақсатта арнайы QR кодты, жүк тасымалының сандық паспортын енгіздік. Нәтижесі қазірдің өзінде көрініп тұр. Бүгінгі таңда шамамен 11 мың жүк тасымалының цифрлық паспорты жасалды, платформада 15 мыңнан астам көлік пен тасымалдаушы тіркелген, бұл үдерістер сәтті жүріп жатыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?