Қазақстан Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы елдеріне жасанды интеллект пен көлік дәліздерін дамытуда күш біріктіруді ұсынады. Тәжікстан астанасы Душанбеде ұйымның үкімет басшыларының отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа бастамалар көтерді. Сондай-ақ, еліміз сауда кедергілерін жоюды, рәсімдерді жеңілдетуді және ұлттық валютамен есеп айырысуды қолдайды. Премьер-министрдің айтуынша, Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы елдерімен трансшекаралық төлемдеріндегі ұлттық валюта үлесі 70 пайызға жетті. Тағы бір маңызды бағыт көлік-логистика саласын дамыту. Астана «Бір белдеу, бір жол» бастамасын өңірдің көлік дәліздерімен байланыстыруды және 2035 жылға дейін бірыңғай көлік жүйесін қалыптастыруды ұсынады. Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту ерекше маңызға ие. Қазақстан цифрлық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Еліміз Ұйым мемлекеттерінің қолдауымен жасанды интеллект орталықтарының желісін құру туралы бастама көтерілді. Отырыс қорытындысы бойынша сауда, көлік және өнеркәсіптік жобалар бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде - Кеңестің халықаралық мультимодальдық жүк тасымалын дамыту үшін Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының цифрлық платформасын құру тұжырымдамасы туралы шешім де бар.

