Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон
арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері
талқыланды. Тараптар стратегиялық серіктестіктің даму қарқынын атап өтіп,
Мемлекет басшысының маусым айында Брюссельге жасаған сапары аясында қол
жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға айрықша назар аударды.

