Қазақстан Президенті БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісін қабылдады

Қазақстан Президенті БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісін қабылдады

Қазақстан Президенті БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бастамаларын дәйекті түрде қолдағаны және Астанада өтіп жатқан ТМД волонтерлер форумына қатысқаны үшін мейманға ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстан волонтерлік қозғалысты дамытуға ерекше ден қойып отырғанын атап өтті. Бұған еліміздің 2026 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы және 60-тан астам мемлекет тарапынан қолдау тапқан орнықты даму жолындағы Халықаралық еріктілер жылы деп жариялау жөніндегі ұсынысы дәлел бола алады. Президент жаңа Конституцияға волонтерлік қағидалары енгізілгенін атап өтті. Өз кезегінде Тойли Курбанов БҰҰ Еріктілер бағдарламасымен жоғары деңгейде ынтымақтастық орнағанына тоқталды. Ол «Таза Қазақстан» қоғамдық акциясы бірқатар елде үлкен қызығушылық тудырғанына назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы волонтерлікті дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Тойли Курбановты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?