Қазақстан Президенті 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Қазақстан Президенті 2027 жылды  Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Қазақстан Президенті Халыққа арнаған Жолдауында 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Бағдарлама еліміздің барлық өңірін қамтиды. Оның аясында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынып, коммуналдық инфрақұрлым жаңғыртылады. Құрылыс жұмыстары ірі қалалармен қатар, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерде де жүргізіледі. Жобалар тізімі өңірлердің қажеттілігі мен инфрақұрылымның қазіргі жағдайын ескере отырып жасақталады.

Бақытжан Жүнісбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс және тұрғын үй-комуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы:

- Нақты құрылыс жоспары осы бағыт аясында жүзеге асырылатын нысандардың тізімі түрінде әзірленеді деп ойлаймын. Яғни, жаңа құрылыс жоспары үстіміздегі жыл соңына дейін жасақталуы тіис.  Бұл маңызды әрі ауқымды  жұмысқа салалық министрліктердің барлығы жұмылдырылатынын айта кету керек. Жалпы, жыл соңына қарай 2029 жылға дейін іске асырылатын құрылыс көлемі жөнінде нақты әрі ашық мәлімет қалыптасады деп ойлаймыз.

Ауқымды бағдарлама құрылыс материалдарына деген сұранысты арттырады. Қазір сала қажеттілігінің шамамен 70% отандық өндірушілер қамтамасыз етеді. Құрылыс алаңдарын қажетті материалдармен үздіксіз қамту үшін министрлік сұранысты алдын ала бағалап, кәсіпорындармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуды жоспарлап отыр. Бұл өндірушілерге өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Бақытжан Жүнісбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс және тұрғын үй-комуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы:

- Ауқымды құрылыс жұмыстары құрылыс материалдарына деген сұранысты талдаумен және оны алдын ала жоспарлаумен қатар жүреді. Сондай-ақ офтейк-келісімшарттар жасасу, өндіріс көлемін ұлғайту және тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету шаралары қарастырылады.

Бағдарламаны қаржыландыру үшін бірнеше тетік қарастырылады. Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткендей, жалпы көлемі 6,5 трлн теңге бағыттау көзделген. Оның 1,5 триллионын жақын арада бөлу жоспарланып отыр. Бюджет қаражатынан бөлек, жеке инвестициялар мен халықаралық қаржы ұйымдарының ресурстары тартылады. Сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері де қолданылады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?