Қазақстан Премьер-Министрі көлік саласын жаңғырту барысымен танысты

Қазақстан Премьер-Министрі көлік саласын жаңғырту барысымен танысты

Қазақстанның көлік саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект ауқымы артады. Олар автомобиль жолдарын, темір жол және әуе көліктерін қамтиды. Елде қазірдің өзінде табысты мысалдар бар. Айталық, e-Joldar жүйесі. Қазір республикалық маңызы бар 41 мың шақырымнан астам жол цифрландырылды. Ал Smart Cargo 58 ақпараттық жүйе деректерін біріктіріп, халықаралық жүктерді онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Платформаның арқасында жүктердің шекара арқылы өту уақытының үштен бірі, ал тасымалдаушыларды күту уақыты он есе қысқарды. АІ жол үстіндегі жағдайды талдау және тәуекелдерді болжау үшін пайдаланылмақ. Ал, ел әуежайларында  Q-Gate биометрикалық терминалдары енгізілуде, олар қазақстандықтарды бет-әлпеті мен төлқұжаттары бойынша санаулы секундта тани алады, ал QazETA шетелдік туристерге алдын ала елге кіруге электрондық рұқсат ресімдеуге мүмкіндік береді. Темір жол саласында KinetiX іске қосылды, ол пойыздарды техникалық тексеруді жеделдетеді, ал Trip Optimizer пойыздарды басқаруды автоматтандырады. Премьер-Министр Олжас Бектенов бүкіл ел бойынша жаңа шешімдерді іске қосуды жеделдетуді тапсырды.

Думан Сембаев, «Kazdream Special Systems» ЖШС бас директоры:

– Smart Cargo жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен мамыр айында іске қосылды. Smart Cargo процестерді автоматтандыру және цифрландыру арқылы жүктердің еліміз арқылы дұрыс әрі жылдам қозғалуын қамтамасыз етеді. Smart Cargo мемлекеттік органдарға, жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға да жүкті бақылауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, мемлекет тұрғысынан алғанда, Smart Cargo экспорт, импорт немесе транзит бағытында жүріп жатқан барлық жүк ағындарының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Серік Имашев, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК бас директоры:

 – «E-Joldar» жүйесі «ҚазАвтоЖол», Ұлттық сапа орталығы және «Қазжол» ғылыми зерттеу институты» сияқты компаниялардың 12 жүйесін біріктіреді. Ол жол саласын цифрландыруды нақты уақыт режимінде көрсетеді: жобалаудан бастап құрылысқа дейін, жөндеуден пайдалануға беруге дейінгі барлық кезең қамтылады. Жүйе арқылы жобаның жүзеге асырылу барысын толық бақылауға болады. Яғни, қандай материалдар қолданылғаны, жұмыстарды кім жүргізгені туралы ақпараттың бәрін көруге мүмкіндік бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?