Қ.Тоқаев World Aquatics Президентін қабылдады

Қ.Тоқаев World Aquatics Президентін қабылдады

Қазақстан мен World Aquatics су спорты түрлері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ұйым басшысы Хусейн Әл-Мусалламмен серіктестік әлеуетін талқылады. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың су спорты түрлеріне қызығушылығы артып келетінін атап өтті. Федерацияның отандық спортты қолдауын жоғары бағалайтынын жеткізді. Ол қазақстандық атлеттер ел намысын халықаралық деңгейде лайықты қорғап жүргеніне тоқталып, Дмитрий Баландиннің Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы жеңісін, Әділбек Мусиннің 2022 жылы өткен Азия ойындарында қола медальға ие болғанын еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елімізде бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстар өткізуге қажетті жағдай жасалуда. Президент әсіресе, спорт инфрақұрылымын жетілдіруге назар аударылып отырғанны тілге тиек етті. Хусейн Әл-Мусаллам Қазақстанның спорт саласын өркендетуге айтарлықтай әлеуеті бар екенін айғақтады. Мемлекет басшысы саланы дамытуға үлес қосқаны үшін World Aquatics президентін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?