Қазақстан Премьер- министрі Олжас Бектенов Камбоджа Корольдігінің Премьер-минисрі Хун Манетпен келіссөздер жүргізді. Тараптар сауда және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады. Атап айтқанда, астық, ет және өсімдік майын экспорттау мүмкіндіктеріне назар аударылды. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешенінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы қарастырылды. Кездесуде Транскаспий халықаралық көлік бағытын Қытай – Лаос – Вьетнам – Камбоджа дәлізімен ұштастыру мүмкіндіктері талқыланды. Бұл бастама Оңтүстік – Шығыс және Орталық Азия арасындағы көлік байланыстарын кеңейтуге және еуропалық нарықтарға жүктерді жеткізу үшін қосымша жағдай жасауға мүмкіндік береді. Өзара цифрландыру, туризм салаларындағы байланыстарды жандандыру жағы да талқылады. Келіссөз қорытьндысы бойынша қос тарап та бірлескен бастамаларды іске асыруға бейіл екенін растады.

