Қазақстан мен Израиль ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Қазақстан мен Израиль ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Қазақстан мен Израиль сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті. Мемлекет басшысы Израиль Президентінің сәуір айында Астанаға жасаған сапары мемлекеттер арасындағы байланысқа серпін бергеніне назар аударды. Ицхак Герцог өз кезегінде Қазақстанның дамуы серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Израиль Президенті еліміздің Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптады. Тараптар халықаралық күн тәртібі, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатия құралдары арқылы реттеу қажеттігін жеткізді және Қазақстанның осы қағидатты берік ұстанатынын айтты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?