Қазақстан мен Германия технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Германия технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Электр желілерін жаңғырту, өнеркәсіпті цифрландыру және деректерді өңдеу орталықтарын салу - Siemens Қазақстандағы жаңа жобаларға қатысуға дайын.

Бұл мәселелерді Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның вице-президенті Бернд Ульбрихтпен кездесуде талқылады. Президент Қазақстанның озық құрал-жабдықтарды сатып алуға ғана емес, өз өндірістік, инженерлік және сервистік орталықтарын құруға қызығушылық танытатынын мәлімдеді. Осы орайда, Мемлекет басшысы Siemens пен қазақстандық Silk Road Electronics компанияларының Qarmet металлургия комбинаты құрал-жабдықтарын жаңғырту жобасын қолдады. Кездесуде медициналық технологиялар мен  экологиялық мониторингтегі ықпалдастыққа назар аударылды.

Linde компаниясы Қазақстандағы жаңа жобаларға 500 млн долларға дейін инвестиция салуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Теміртауда Qarmet-пен бірлесіп ауа бөлетін қондырғы салу жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның аға вице-президенті Оливер Пфаннмен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады. Мемлекет басшысы Атырау және Маңғыстау облыстарындағы мұнай-химия және химия кластерлерінің дамуы туралы айтып, Linde компаниясын осы салалардағы жобаларға қосылуға шақырды. Компания елімізде жаңа өндірістер құруға дайын екенін жеткізді.

Қазақстан мен Aurubis тау-кен металлургияда өзара іс-қимылды кеңейтеді. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен компанияның бақылау кеңесінің төрағасы Фриц Варенхольт «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы мен Aurubis компаниясының мыс өңдеу бойынша ынтымақтастығына тоқталды. Құрамы күрделі мыс шикізатын кешенді өңдеу, ілеспе металдарды алу, рециклингті дамыту және өңдеудің кейінгі сатысындағы өндіріс нысандарын жергіліктендіру ықпалдастықтың негізгі бағыттары ретінде айқындалды. Бұл қосылған құны жоғары өнім көлемін арттырады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?