Қазақстан мен Германия технология трансфері орталықтарын құрады

Қазақстан мен Германия технология трансфері орталықтарын құрады

Қазақстан мен Германия бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулерді және технология трансфері орталықтарын дамытуға ниетті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германияның жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесуде айтылды. Атап айтқанда білім алмасу бағдарламасын іске қосу, жоғары оқу орындары мен өндірісті тығыз байланыстырып, ғылыми зерттеулерді кеңейту ұсынылды. TiBeRIUM жобасы осындай ынтымақтастықтың нақты мысалы саналады. Ол Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Үлбі металлургия зауыты және Фрайберг тау-кен академиясын бір іске жұмылдырды. Жоба титан мен берилийге арналған төмен көміртекті өндіріс тізбегін әзірлеуді мақсат етеді.  Жасанды интеллект саласына да баса назар аударылды. Қазақстан неміс ЖОО мен компанияларын бірлескен инженерлік зертханалар мен қолданбалы цифрлық шешімдер әзірлеуге шақырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?