Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 4,5 млрд долларға жетті

Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 4,5 млрд долларға жетті

Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасы Президентімен келіссөз жүргізді. ГФР Қорғаныс министрлігінде Берлинге ресми сапармен келген Қазақстан Президентін қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Қасым-Жомарт Тоқаев резиденциядағы Құрметті қонақтар кітабында естелік жазба қалдырды. Келіссөздерде тараптар стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады. Қазақстан Президенті Германия еліміздің Еуропадағы басты стратегиялық серіктесі саналатынына, ал екіжақты ынтымақтастық өзара сенімге, құрметке және ортақ мүддеге негізделгеніне назар аударды. Қалыптасқан іскерлік байланыстар серпін алған. 2025 жылы екіжақты тауар айналымы 4,5 млрд долларға жетті. Жыл басынан бергі 7 айда өзара сауданың көлемі 2,6 миллиард доллардан асты. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа айрықша мән берілді. Келіссөз қорытындылары бойынша Президенттер бірлескен декларация қабылдады. Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайерді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?