Қазақстан мектептері 10 мыңнан астам жас педагогпен толықты

Қазақстан мектептері 10 мыңнан астам жас педагогпен толықты

Елде мұғалім мамандығын таңдаушылар қатары артып келеді. Сала еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Дегенмен, цифрлық технологиялардың дамуы оқу үдерісіне айтарлықтай өзгеріс әкелуде. Республикалық тамыз конференциясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесіндегі біліктілікті арттыру мен кадрлық әлеуетті жетілдіруді басты міндеттердің бірі ретінде атап өтті. Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратынша, педогогикалық бағытта білім алып жатқан студенттерге қойылатын талап заман ағымына сай қайта қаралуда. Негізгі міндет - мектептерді озық кәсіби дағдыларды меңгерген мамандармен қамтамасыз ету.


Наужан Дидарбекова, ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті төрағасының орынбасары:


- Жалпы, педогикалық мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі бұрынғы деңгейде қалады. Дегенмен педагог кадрларды даярлау сапасына басымдық беріледі. Қазір осы бағытты тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.  2026 жылғы білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелеріне талдау жасайтын болсақ, жыл сайын педагог мамандығына, педогогикалық бағыттарға деген қызығушылық артып келе жатқанын көруге болады. Яғни, бір орынға түсетін талапкерлер саны өте көп.


Ауыл мектептерін білікті мамандармен қамту мақсатында ұстаздарды ауылдық жерлерге тартуға бағытталған қосымша қолдау шаралары қарастырылған. Солардың бірі - «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы. Жоба аясында педогогтерге әлеуметтік қолдау көрсетіліп, үй сатып алуға немесе баспана құрылысына жеңілдетілген несие беріледі. Топтық жұмысқа орнастыру жүйесі де енгізілген. Яғни, мектепке бірден екі-үш  түрлі пән мұғалімі жіберіледі. Жас мамандар жаңа ортаға бейімделуі үшін тәлімгерлік жүйесі жұмыс істейді. Ал тәжірибелі ұстаздар басқа өңірге қоныс аударса, біліктілік санаты жоғарылайды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар өз нәтижесін берген. Жаңа оқу жылының алғашқы 15 күнінде мектептердегі 1100-ден астам бос орын маманмен қамтылды.  


Зейнеп Мақсұтова ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары:


- Осылайша 2026-2027 оқу жылының басында мектептерге 10 мыңнан астам жас маман конкурстан тыс жұмысқа қабылданады. Олардың 2 мыңы- «Алтын белгі» иегерлері.  Бұдан бөлек, жоғары білікті педагогтерді маман тапшылығы байқалатын шалғай өңірлерге жұмысқа тартуға ынталандыратын арнайы бағдарлама қабылданды. Яғни, бұның бәрі елді-мекенердің кадр тапшылығы мәселесін шешудің қамы.  Бұл іс жүйелі түрде жүргізілуде.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?