Қазақстан Үкіметі Президент Жолдауын жүзеге асыру жоспарын әзірлейді

Қазақстан Үкіметі Президент Жолдауын жүзеге асыру жоспарын әзірлейді

Қазақстан Үкіметі Президент Жолдауын жүзеге асырудың жалпыұлттық жоспарын бір апта ішінде әзірлейді. Қойылған міндеттерді орындау Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды. Негізгі бағыттардың бірі - «Халықтық құрылыс» бағдарламасы. Жыл соңына дейін өңірлердің қажеттіліктері айқындалып, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың тізбесі қалыптастырылады. Цифрлық экономиканы дамыту міндеті жеке талқыланды. Үкімет агроөнеркәсіп, көлік саласы және мемлекеттік басқаруда жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейтеді. Сондай-ақ жыл соңына дейін ведомстволар орта бизнесті дамыту жоспарын әзірлейді, кәсіпкерлердің ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігін, микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий енгізу мәселесін пысықтайды. Басым бағыттардың қатарында денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу бар.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері” атты халыққа Жолдауында Әділетті, Күшті, Таза, Озық Қазақстанды құруды басты мақсат ретінде айқындады. Оған қол жеткізу үшін еліміздің мол әлеуеті мен қазіргі заманауи инновациялық жағдайларда беріліп отырған орасан зор мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануымыз қажет. Президент жариялаған ауқымды “Халықтық құрылыс” бағдарламасы экономиканың барлық саласындағы түбегейлі инфрақұрылымдық өзгерістер мен реформаларға жол ашады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?