Қазақстан инвестиция тарту жүйесін жетілдіруде

Қазақстан инвестиция тарту жүйесін жетілдіруде

Үкімет инвестициялық жобаларды тартудың жаңа тетіктерін әзірлейді. Бұл жұмыстар Қазақстан Президентінің жаңа инвестициялық циклды іске қосу міндеттеріне сәйкес жүзеге асуы тиіс.  Осыған орай,  Премьер-министр Олжас Бектенов құзырлы органдарға инвестиция тарту жүйесін жетілдіру бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды. Жобаларды іске қосуды жеделдету, сондай-ақ оларды кеңейту және экспортқа шығаруға дейін бар үрдіс қатар пысықталуы керек. Нәтижесінде қажетті келісу рәсімдері жеделдетіліп, олардың орындалу мерзімі қысқармақ. Бұдан бөлек, кездесуде инвесторлар мен мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдететін цифрлық құралдарды енгізуге басымдық берілді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?