Астанадағы Президентік орталықта ел дамуының негізгі бағыттары талқыланды

Астанадағы Президентік орталықта ел дамуының негізгі бағыттары талқыланды

Астанадағы Президенттік орталықта Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген стратегиялық басымдықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Жиында Құрылтай депуттары, ғалымдар мен сарапшылар экономиканы және әлеуметтік сала мен инфрақұрылымды ауқымды жаңарту, энергетикалық және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ AI- шешімдерін енгізу мәселелерін көтерді. Бұдан бөлек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын іске асыру үшін қажетті заңнамалық өзгерістерге назар аударылды. Құрылтай депутаты Юлия Кучинскаяның айтуынша, Жолдауда қойылған міндеттер қоғамның бүгінгі сұранысына сай. Оның пікірінше, «Халықтық құрылыс» бағдарламасы ел экономикасының дамуына тың серпін бермек. Сондықтан ол жобаларды сапалы әрі тиімді жүзеге асыру маңызды екенін тілге тиек етті.

Юлия Кучинская, ҚР Құрылтайының депутаты:

- «Халықтық құрылыс» бастамасын өте маңызды әрі құптарлық деп санаймын. Бұл тың бастама ел экономикасының дамуына жаңа серпін береді деп ойлаймын. Сондықтанда бағдарламаны тиімді жүзеге асыруға бар күш-жігерді салып, қуатты әлеуетті мейлінше пайдалану қажет. Әрбір жобаны мұқият жоспарлап, оның қандай мақсатта қолға алынғанын нақты айқындау маңызды. Сондай-ақ бөлінген қаражаттың еліміздің өз экономикасында қалып, отандық өндірісті дамытуға бағытталуын қамтамасыз ету қажет деп санаймын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?