Астанада Орталық Азияда баламасы жоқ заманауи деректер орталығы салынуда

Астанада Орталық Азияда баламасы жоқ заманауи деректер орталығы салынуда

Астанада Орталық Азиядағы алғашқы жоғары сенімділік деңгейіндегі дата-орталық салынуда. Әлемде осындай 70-ке жуық нысан бар. Жобаға 354 миллион долларға жуық инвестиция тартылды. Құрылыс аяқталған соң кешеннің қуаты 100 мегаватқа жетеді. Ол төрт тәуелсіз модульден құралып, 11 гектардан астам аумақта орналаспақ. Мұнда қазақстандық және халықаралық компаниялар, банктер, бұлтты провайдерлер және телеком-операторлардың үлкен көлемдегі деректері сақталып өңделеді әрі таратылады. Алаң сондай-ақ, АІ саласындағы шешімдерді әзірлеуге арналған. Нысанның үздіксіз жұмыс істеуі үшін жеке энергетикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылым жасақталды. Бірінші кезекті іске қосу келесі жылдың екінші тоқсанына жоспарланған. Қазірдің өзінде 12 елдің 40 астам компаниясы осы нысанның дерек сақтау қуатына қызығушылық танытты. Жаңа дата-орталық Қазақстанның Орталық Азиядағы цифрлық хаб ретіндегі орнын нығайтуға бағытталған.


Ерасыл Аюбеков, Akashi Data Center коммерциялық директоры:


- Бұл Орталық Азиядағы алғашқы Tier-4 санатындағы деректерді өңдеу орталығы. Tier-4 деректерді өңдеу орталығы дегеніміз  - бұл ең алдымен апатты істен шығу қаупінен толықтай сенімділік. Егер бір жүйе істен шықса, немесе екі жүйе қатарынан, тіпті, үш жүйе істен шықса да, біздің клиенттердің деректері зардап шекпейді және олар толықтай іске жарамды қалпында сақталады. Мұнда бірінші кезекте бұлтты провайдерлер орналасады, екінші кезекте үлкен киберскеллер нысандары кіреді. Олардың қатарында Google Cloud, Amazon бар, бұдан бөлек, осы деректерді өңдейтін жасанды интеллект компаниялары да енеді. Бұл өз кезегінде елімізге қосымша қаржы тартады.


Ян Пряничников, құрылыс бойынша директордың орынбасары:


- Бұл нысанның ерекшелігі - Орталықты қуат көзімен қамту резерві көзделген. Қосалқы станция компоненттерінің бірі істен шықса, ІТ-жабдықтарға үздіксіз энергия беретін қуат көздері әрқашан дайын тұрады. Осы жобадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қаланың Орталықтандырылған қуат кернеуін төмендетуші станциясы тарапынан да, Акашидің өз қосалқы станциясы тарапынан да электр энергиясы тізбегіндегі каскадты апаттардың алдын алатын реле-қорғаныш желісі жасақталған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?