Астанада Орталық Азия елдері мен Италия бизнесіне арналған платформа іске қосылды

Астанада Орталық Азия елдері мен Италия бизнесіне арналған платформа іске қосылды

Астанада B5+ITALY платформасы іске қосылды. Бұл – Орталық Азия елдері мен Италия арасындағы бизнес байланыстарды нығайтып, сауда, инвестиция және бірлескен өндірістерді дамытуға бағытталған алаң. Елордада өткен жиында елдер арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастықтың жаңа бағыттары талқыланды. Бүгінде Италия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің үздік үштігіне кіреді. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 17 млрд долларға жуықтады. Биыл 7 айда бұл көрсеткіш 8 млрд доллардан асты. Айта кетейік, B5+ITALY жүйесі тікелей байланыстарды жолға қойып, сауда-саттық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.    

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Маңызды бағыттардың бірі – шикізаттық емес экспортты арттыру және жоғары қосылған құны бар өнімдердің үлесін көбейту. Біз тек Италияға емес, жалпы Еуропалық Одаққа мүше барлық елдердің нарықтарына экспорт көлемін ұлғайтуға айтарлықтай әлеуеті бар 100-ге жуық тауар позициясын айқындадық.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?