Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының отырысы өтті

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының отырысы өтті

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтті. Әлемнің 20 елінен келген түрлі конфессия өкілдері, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік қайраткерлер мен сарапшылар диалог алаңында бас қосты. Жиынға еліміздің вице-президенті төрағалық етті. Ерлан Карин діни көшбасшылардың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, бейбітшілікті нығайтудағы рухани дипломатияның маңызына тоқталды. Мұндай мәміле бейбіт диалогты сақтауға және халықаралық тұрақсыздық жағдайында өзара сенімді қалпына келтіруге көмектеседі. Сондай-ақ, қатысушылар АІ пайдаланудың этикалық ерекшеліктеріне назар аударды. Дін қайраткерлері жеке тұлғаның қадір-қасиетін құрметтеуге, кемсітуге жол бермеуге және адамның басты шешімдерді дербес бақылауына бағытталған кодекс жобасын қарады. Конфессиялар өкілдері климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі діндердің рөлін де талқылады. Теологтар экологиялық жауапкершілікті, табиғатқа ұқыпты қарауды және климаттық проблемаларды шешу үшін қоғамның күш-жігерін жұмылдыруды көздеп отыр. Съезд Хатшылығы отырысында жазылмайтын дертке шалдыққан бала құқықтары жөніндегі хартияның жобасы ұсынылды. Құжат Қазақстан мен Қасиетті Тақтың ынтымақтастығы аясында медицина сарапшыларының көмегімен әзірленген.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?