3 қыркүйек – Қазақстанда қазақы тазы күні атап өтіледі

3 қыркүйек – Қазақстанда қазақы тазы күні атап өтіледі

Бүгін Қазақстанда Қазақ тазысы күні алғаш рет аталып өтіп жатыр. Құмай тазы – жеті қазынамыздың бірі, бойында адалдық, ептілік пен тектілік қасиеттері ұштасқан төл мәдениетіміздің асыл мұрасы. Қазақстан Президенті бұл тұқымды сақтап, көбейтуге және оны халықаралық деңгейде насихаттауға айрықша мән береді. Мемлекет басшысының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен соңғы жылдары бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылды. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы заң қолданысқа енді. Еліміз Халықаралық кинология федерациясының мүшелігіне қабылданды. 2024 жылы қазақ тазысы халықаралық деңгейде алдын ала мойындалды. Қазақстан осы тұқымның шыққан жері ретінде ресми түрде бекітілді. Бұның бәрі – бірегей мұрамызды әлемге дәріптеуге септігін тигізетін маңызды қадам. Мәселен, Брюссельде «Желден де жүйрік – тазы» көрмесі өтіп жатыр. Онда қазақы ит тұқымының тарихы, сыртқы ерекшелігі мен аңшылықтағы орны туралы фотосуреттер қойылған. Бұған дейін осындай көрмелер Финляндия, Түркия және Эстонияда ұйымдастырылған. Брюселде өтіп жатқан іс-шараға Халықаралық кинология федерациясының атқарушы директоры мен Бельгия әкімдігінің өкілдері қатысып отыр.

Абзал Досыман, NOMAD ұлттық аңшылық клубы қоғамдық қорының мүшесі:

- Бұл фотокөрмені ұйымдастыруға себепші болған NOMAD Ұлттық аңшылық клубы қоғамдық қоры. Қаншама құтты-сыйлы қонақтар келіп жатыр. Халықаралық кинология қауымдастығының атқарушы директоры келді.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?