2025 жылы Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 28% өсті

2025 жылы Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 28%  өсті

Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы тұрақты өсіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл  көрсеткіш шамамен 28% артып, 583 млн долларды құрады. Оның 353 млн астамы қазақстандық экспортқа тиесілі. Биыл да оң үрдіс сақталуда. Қаңтар – тамыз айларында екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 353 млн доллардн асып, 9% жуық өсті. Қазақстан Бельгияға зығыр, бидай, молибден, титан және ферроқорытпалар экспорттайды. Ал кері бағытта  мұнай өнімдері, техника мен дәрі-дәрмек жеткізіледі. Бүгінде Бельгия Қазақстанның ірі инвесторларының бірі. Соңғы жиырма жылда осы елдің компаниялары қазақстан экономикасына 15 млрд доллардан астам инвестиция салды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?